• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

07 Мамыр, 04:02:09
Алматы
+35°

23 Сәуір, 2015 NEWS

Посткеңестік мемлекеттер  "Георгий лентасынан" бас тартуда

Бүгінде мамыр туса кеуде тұсымызға әспеттеп тағып жүретін "Георгий лентасы" сонау патшалық Ресей кезеңінен бері қарай жеңістің символы ретінде бағаланып...

Бүгінде мамыр туса кеуде тұсымызға әспеттеп тағып жүретін "Георгий лентасы" сонау патшалық Ресей кезеңінен бері қарай жеңістің символы ретінде бағаланып келгені белгілі. Әсіресе, қоңыз жолақты лента пост-кеңестік мемлекеттерде кеңінен танымал еді. Сол  "георгий лентасы" бүгінде - ресейлік агрессия мен сеператизмді нұсқаушы құралға айналып кеткені де жалған емес.

2005 жылдан бастап, ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарында осы "георгий лентасын" тағуды, оны насихаттауды  үрдіске айналдыра бастаған. Ондағы мақсат - қазіргі Ресей мемлекетінің(патшалық Ресей, кеңес одағы тұсындағыдай) аса үстем, қуатты екендігін таныту болса керек. Әуелде пост-кеңестік шеңгелден шыққан мемлекеттерде "георгий лентасын" тағып жүру қалыпты жағдай болып көрінсе, қазіргі уақытта мұны нағыз "ақымақтық" дейтіндер жетерлік. Мысалы, "Орталық Азияны бағындырғаны үшін" деген белгісі бар қоңыз жолақты лентаны мақтанышпен кеудесіне тағып жүрген қазақты, өзбекті немесе қырғызды көз алдыңызға елестетіп көріңізші.

Егемендіктің 24-ші жылы туғанда Қазақстан мен бірқатар мемлекеттерде сеператистерді қолдайтын лентадан бас тарта бастады. Тіпті, қоңыз жолақты лентаның өзіндік баламасын да жасап, тарата бастады.

"Қамшы" порталы "Георгий лентасынан" бас тартқан мемлекеттер мен олардың балама нұсқаларын назарларыңызға ұсынады.

Қазақстан Республикасы

Қазақстанда "георгий лентасымен" ешқандай қиыншылықтар болмағанымен 2013 жылдан бастап қазақ қоғамы аталмыш лентадан өз еріктерімен бас тарта бастаған. Қазір Қазақстанда жеңіс шеруінде, мерекелік шараларда тағылатын байрақ түсті лентада ұлттық нақыштағы ою бейнеленген.

Әзірбайжан Республикасы

Айта кететіні, әзірбайжан ағайындардың арасында "георгий лентасы" аса бір танымалдылыққа ие болмаған. Ал майданда шахид болған бауырларын еске аларда әзірбайжан туы бейнеленген лента тағылады.

Белорусия Республикасы

Белорусия билігі былтырдан бастап "георгий лентасынан" бас тарта бастаған. Қазірде, белорусиялықтар қызыл және жасыл түсті, ортасында алма ағашы гүлі кестеленген лента кең танымалдылыққа ие болып келеді.

Грузия

Грузия "георгий лентасын" мүлде тақпайды. Тіпті, ресейлік туристердің көліктерінде тағулы тұрған лентаны шекарадан өтерде алып тастауды талап етеді. Грузиялықтар әскери шерулер мен үлкен жиындарда Еуропадағыдай қызыл мак тағады.

Қырғыз Республикасы

Қызғызтан 2014 жылдан бастап ресми түрде қоңыз жолақты лентаның орнына қызыл реңкті, сары жолақты лентаға ауысу туралы бастама көтере бастаған. Ал 2015 жылғы жеңістің 70 жылдығына орай өткізілетін әскери шеруде бар қырғыз жаңа символды тағады деп жоспарланып отыр.

Молдова Республикасы

Молдова парламентінің Либералды партиясы "георгий лентасынан" бас тарту туралы жаңа заң жобасын енгізді. Заң жобасының авторы, ЛП депутаты Георге Береганың айтуынша, бүгінде "георгий лентасы" империализм мен сеператизмнің символына айналған. Тіпті, молдовалықтар аталмыш лентаны тағып жүрген азаматтарға айыппұл салу туралы бастаманы да көтеріп отыр.

Өзбекстан Республикасы

Өзбекстандағы Ресй елшілігі жыл сайын тұрғындарға "георгий лентасын" таратуға әрекеттенгенімен, бұл нәтиже бермеуде. Өзбекстандықтар жеңіс мерекесінде, шахид жауынгерлерге тағзым гүлдеріне әтеттегідей жолақты лентаның орнына жасыл түсті лента қолданады.

Украина

Соңғы саяси және территриялық соғыс жағдайына орай бұл елде "георгий лентасынан" толық бас тартқан. Украинада да Еуропадағыдай қызыл мак тағылады.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір